Генерал Амангелді Шабдарбаев Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділов туралы еске алды, деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның айтуынша, Нұрқаділовтің өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес.
Мақпал Жүнісовамен кездестім. Екеуміз жақсылап тұрып әңгімелестік. Ол кісі де біраз әңгімесін айтты. Мен де Заманбек туралы жақсы айттым. Бірақ уақыт келеді деп айттым. Бірақ мен деп айтқан жоқпын, себебі оны Ішкі істер министрлігі қарады. Мен Заманбектің өлімін тексеріп, барған жоқпын. "Өз-өзін үш рет махаббат үшін атпас еді" деп айттым. Сондықтан ол өз-өзін атқан жоқ, - деді ол.
Сондай-ақ, ол бір кездері Назарбаев пен Нұрқаділов жақсы дос болғанын айтты.
Алдында екеуі (Назарбаев пен Нұрқаділов - еск.) қатты дос болды. ...Мына кісі (Назарбаев - еск.) Заманбекке "сенің жақсылығыңды ұмытпаймын" дегендей айтты. Соған Заманбек қатты сенді. Содан кейін кішкене арақ ішті. Мақпалға үйленді. Сондай жасай бастағанда, елдің бәрі Назарбаевқа "мынаны бүйту керек, сүйту керек" деді. Сонда марқұм Терещенко екеуі (Терещенко мен Нұрқаділов - еск.) сөзге келіп қалыпты. "Мені телефонмен Заманбек боқтады" деп Терещенко жүгіріп келді. Президент Заманбекке "неге боқтайсың" деді. Сонда Заманбек "мен боқтаған жоқпын" депті. Сөйтіп бұл (Назарбаев - еск.) Терещенко жағын қолдады да, Заманбекке тиісті. Сөйтіп, сөзден сөз шығып, екеуінің арасы жаман болып кетті. Ол кезде Мақпалдың да кесірі тиді. Айта береді ғой. "Сенен Назарбаев қорқады, сені пайдаланды" деген сөздер шығар. Ана кісі сөзінде тұрмаған ба, Заманбек қатты-қатты сөйлей бастады. Оны кім өлтіргені белгісіз, мен де білмеймін, - деді генерал.