$ 510.08  539.61  5.15

Қаратауда жеті жастағы баланы ит талап тастады

Қазір бала жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қаратау қаласында 7 жастағы баланың беті мен аяғын ит қауып алды. Балаға шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, бала ес-түссіз жағдайда ауруханаға жеткізілді, тексеру кезінде оң жақ беті және екі аяғы жараланған, көп қан кеткені анықталды.

Қазір бала жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.

Жағдайы тұрақты түрде жақсарып келеді. Хирургиялық бөлімде оған тиісті ем жасалып жатыр, - дейді Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомствоның мәліметінше, балаға аудандық аурухананың психологтары көмек көрсетіп жатыр.

Бұған қоса құтырмаға қарсы екпе жасалып, антибиотиктер тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ота #бала #ит