$ 441.66  475.14  4.86

Депутат тұрмысы төмен отбасындағы балаларға чип салуды ұсынды (ВИДЕО)

Жағдайы төмен отбасыдан шыққандар біздің балаларымыз үшін қауіпті.

Павлодар қалалық мәслихат депутат Гүлжайна Даримова әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға чип салуды ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, чип болса учаскелік полицейлер балалардың үйде бар-жоғын тексере алады.

Тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларды кешкі уақытта тексеру керек немесе чип қою керек. Өйткені, көп жағдайда түнгі мезгілде олардың қайда екенін білмейміз. Тіпті, мен олардың денесіне чипті тігіп қоюды ұсынар едім, – деп мәлімдеді депутат әлеуметтік желіде.

Депутат бұл балаларды қоғамға қауіпті деп, кейін түрмеде жазасын өтеп шыққан адамдармен салыстырды.

Менің ойымша, бұл балаларды да есепке қойып, кеш сайын қайда екендіктерін біліп отыру керек. Тексеріс кезінде үйінде болмаса, бірден оларды интернатқа немесе арнайы орталыққа жіберу керек. Жағдайы төмен отбасыдан шыққандар біздің балаларымыз үшін қауіпті. Не үшін олар көшеде емін-еркін жүруі тиіс? Үйінде отырсын. Фильм көрсін. Кітап оқысын. Ата-аналарынан тәрбие алсын, – деді Гүлжайна Даримова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары