08.08.2023, 18:00

Бас мүфтидің атынан жалған ақпарат таратылып жатыр

Фото: kazaknews.kz
Діни басқарма халықты бұл жалған жазбаларға сенбеуге шақырды.

Бас мүфтидің атынан жалған ақпарат таратылып жатыр, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан жарнамалық мазмұнда түрлі ақпарат таратылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Діни басқарма халықты бұл жалған жазбаларға сенбеуге шақырды.