09.08.2023, 11:20

Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

Фото: t.me/aqorda_resmi
Президенттің сапары Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президенттің сапары Екібастұз жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.