09.08.2023, 18:00

Екібастұзда құны 35 млрд теңге болатын техникалық кремний өндіру зауыты салынбақ

Фото: Ақорда
Облыс әкімі Асайын Байхановтың баяндауынша, бірінші жартыжылдықта өңірге 344 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына сапары кезінде өңір басшысы Асайын Байхановтың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың баяндауынша, бірінші жартыжылдықта өңірге 344 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 30 пайызға артық.

Өңір басшысы Екібастұзда құны 35 миллиард теңге болатын техникалық кремний өндіру зауыты салынатынын айтты. Cондай-ақ облыста EkibastuzFerroAlloys компаниясының зауыты іске қосылмақ. Жобаға 92 миллиард теңге инвестиция құю көзделіп отыр. Сондай-ақ жоба аясында 1500-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Ал теміржол машинасын жасау саласында RailCastSуstems компаниясы инвестиция көлемі 78 миллиард теңгені құрайтын ұсталық-бандаж өнімдерін шығару кешенін іске қосуды жоспарлап отыр.