$ 443.37  474.49  4.83

Астанада «Еуразия» сауда орталығынан өрт шықты

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
фото: ТЖД
фото: ТЖД

Астанадағы «Еуразия» сауда, ойын-сауық орталығында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«9 тамызда, сағат 15.57-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері «Еуразия» сауда орталығындағы өрт бойынша шақыртуға шықты.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін бірінші қабатта 20 шаршы метр алаңда заттар мен бутик қабырғасының қаптамасы өртеніп жатқанын анықтады», - делінген мәліметте.

Жалын сағат 16.11-де оқшауландырылып, сағат 16.33-те толығымен жойылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 68 адамы және 14 техникасы жұмылдырылды, - деді ТЖМ-нан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары