Монреальда өтіп жатқан ауыр турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина америкалық Дженнифер Брэйдиді жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Теннис федерациясының мәліметінше, ойын 6:7 (3:7), 7:6 (7:5), 6:3 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.
Кездесу 2 сағат 36 минутқа созылды.
Канададағы жарыстың үшінші кезеңінде Елена тағы бір америкалық Слоан Стивенспен (әлемнің 38-ракеткасы) ойнайды.