$ 444.14  477.05  4.85

Президент тапсырмасымен Екібастұзда Шығармашылық үйі салынады

Нысанды қаржыландыру көзі табылды.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Кеше Президенттің Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтінішін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің facebook-парақшасында жазды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды.

Нысанды қаржыландыру көзі табылды. Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады. 
Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын қадағалау тапсырылды, - деп жазды Р. Желдібай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары