10.08.2023, 12:40

Қырғызстаннан Қазақстанға екі вагон темекі заңсыз жеткізілмек болған

Фото: azattyq-ruhy.kz
Мемлекеттік кірістер органдарының есептеулері бойынша акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы 585 млн теңгені құрайды.

Қырғызстаннан Қазақстанға құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдері жөнелтпе құжатынсыз жеткізілмек болған, деп хабарлайды Қаржылық монитринг агенттігінің баспасөз қызметі.

Қырғыз Республикасынан құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз және есептік-бақылау маркасынсыз әкелуге әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті тергеп жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.

Агенттік мәлім еткендей, мемлекеттік кірістер органдарының есептеулері бойынша акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы 585 млн теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиiстi сараптамалар жүргiзiліп жатыр, оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады,- деп атап өтті агенттік.