Қарағандыдағы балалар уланған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 10 қызметкері қайтадан өз жұмысына кірісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
Осы факті бойынша облыста комиссия құрылып, оны облыс әкімінің әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары басқарады. Сол кезде бұл медициналық-әлеуметтік мекемеде бала өлімі тіркелген еді. Содан кейін комиссия медицина қызметкерлерін белгілі бір мерзімге жұмыстан шеттету туралы шешім қабылдады. Кеше комиссияның шешімімен аталған медициналық-әлеуметтік мекемедегі 10 медицина қызметкері өзінің жұмысына қайта кірісті. Қалған екі медицина қызметкері, яғни бөлім меңгерушісі мен психиатр дәрігер жұмыстан шеттетілді, - деді бас санитар.