10.08.2023, 21:30

Кішкентай баланың ойынынан от шықты

Фото: ҚазАқпарат
Өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға 19 адам және 5 техника жұмылдырылды.

10 тамызда Алматы облысының Өтеген батыр ауылында көппәтерлі тұрғын үйдің дәретханасында қоқыс шелегі жанып, пәтер мен кіреберіс қатты түтіндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт шығуына баланың отпен ойнауы себеп болған.

Өрт сөндірушілер есікті бұзып, пәтерге кіріп, құтқару қалпақшасының көмегімен балконда тұрған 2015 ж.т. қызды эвакуациялады.

Өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға 19 адам және 5 техника жұмылдырылды.