$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда аялдама маңынан ер адамның денесі табылды

1977 жылғы ер адамның жеке басы анықталды.
Фото: unsplash
Фото: unsplash

Қарағандыда бүгін, 2023 жылы 10 тамызда кешке аялдамадан ер адамның денесі табылды.

Облыстық полиция департаменті Zakon.kz-ға ер адамның өлімінің мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.

"Бүгін кешке біздің блог оқырманы Қарағандыдағы "Көк тоған" аялдамасында ер адамды найзағай соғып, мерт қылғаны туралы хабарлады. Оқырман Майқұдық ықшам ауданының полицейлері марқұмның туыстарын іздестіріп жатқанын айтады. Жігіттің жанында телефоны болған, бірақ ол қосылмай қойыпты, өйткені найзағай смартфонға зақым келтірген. Біз барлық мәліметтерді анықтайтын боламыз", делінген Instagram-дағы Denski_blog public парақшасында.

Облыстық полиция Zakon.kz-ға адам денесін табу фактісін растап, бірақ ер адамның өлімінің себебін атамады. 

Көшеден ер адамның денесін табу фактісін полиция тіркеді. 1977 жылғы ер адамның жеке басы анықталды, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалдып, мән-жайлар анықталу үстінде. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары