$ 439.43  473.31  4.82

Бүгін Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычконың туған күні

Қостанай облысында туған.
фото: ҚБФ
фото: ҚБФ

33 жыл бұрын (1990) қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Фёдорович ДЫЧКО дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. Рудный индустриялық институтында оқыды.

Жастар мен жасөспірімдар арасындағы ҚР чемпионы, көптеген халықаралық жарыстар мен турнирлерге қатысып, жүлдегер атанған, Гуанчжоуда өткен бокстан Азия ойындарының күміс жүлдегері. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнирде бірінші орынға ие болды.

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері (Лондон-2012, Рио-де-Жанейро-2016), Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері (екі күміс - Алматы-2013, Доха-2015, бір қола - Баку-2011), Азия чемпионы (Амман-2013), Азия ойындарының чемпионы (Инчхон-2014) және күміс жүлдегері (Гуанчжоу-2010). 2015 жылы Қазақстанның үздік боксшысы деп танылған. Қазіргі таңда кәсіпқой рингте жұдырықтасады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары