$ 494.87  520.65  4.91

Оңтүстік Кореяда қашқан қазақстандықтарға сот үкімі шықты - адвокат

Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді, алайда оның өзі келуі жазасын жеңілдеткен.
Фото:instagram.com/meirman_shekeyev_halyq_zangeri
Фото:instagram.com/meirman_shekeyev_halyq_zangeri

Наурызда дпеортацияланған Қазақстанның екі азаматы Оңтүстік Кореяда қалу үшін қашып жүрген. Сот оларды босатуға бел буды. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев айтты, деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Екеуіде Кореяда айыппұл төлеп, Отанға қайтады. Олар үш жылдық жазадан құтылды. Кім соңына дейін сыйынды, барлығына рақмет. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ Кореядағы консулдарға ерекше алғыс айтамыз, - деді адвокат Мейірман Шекеев.

Айта кетейік, 25 наурызда 2002 және 2005 жылғы екі қазақстандық Кореға барған. Алайда құжаттардың дұрыс болмауына байланысты кедендік бақылау қызметкері оларды елге кіргізбей, депортациялау үшін күту залына жіберген. Ер адамдар рейсті күтіп отырып, әуежайдағы ұшу-қону алаңының маңындағы үш метрлік қоршаудан өтіп кеткен.

Кейін қазақстандықтардың бірі Тэджон қаласында дүкенде телефонын қуаттау кезінде ұсталған. Екіншісі ұстап берген адамдарға 30 миллион вон (10 миллион теңгеден аса) сыйақы тағайындалған еді.

Кейінірек қашқын жігіт Сеулдің көші-қон қызметіне өзі келді. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді, алайда оның өзі келуі жазасын жеңілдеткен.

Екеуі де кінәсін мойындап, табыс табуға келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларға заңсыз шекарадан өту және қашу айыптарын таққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары