Қызылорда облысында жүргізуші көлігімен полиция қызметкерлерін 500 метрге сүйреп кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
8 тамызда Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің патрульдік қызметкерлері аймақ аралау барысында жолда жүру ережелерін бұзған көлік жүргізушісін тоқтатқан.
Полиция қызметкерлері заң шеңберінде көлік жүргізушісіне автокөліктен түсіп, құжаттарын көрсетуін сұраған уақытта жүргізуші олардың заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан “ізін суытпақ” болған. Көлік жүргізушісі дөрекілік танытып, өзін өте агрессивті ұстады. Қарсылық көрсеткеннен бөлек ол көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп алып, көлікті тоқтату мақсатында әрекеттенген полиция қызметкерлерін көлігімен 500 метрге дейінгі қашықтыққа сүйрей жөнелген, - дейді ведомство.