Қызанақты шикілей немесе түрлі тағамдарға қолдану арқылы жеуге болады. Қызанақ дәмді көкөніс қана емес, оның денсаулыққа пайдасы да мол. Бұл жайлы National Library of Medicine журналында жарияланған зерттеуде жазылған, деп хабарлайды Massaget.kz.
Қызанақтың пайдасы
Қызанақтың құрамында дәрумендер мен минералдар ғана емес, сонымен қатар ликопен деп аталатын антиоксиданттық қасиеттері бар өте маңызды каротиноид бар. Мұндай пигмент қызанаққа тән қызыл немесе қызғылт түс береді.
Түс неғұрлым қарқынды болса, көкөністе ликопен соғұрлым көп болады. Ликопен адам ағзасына өте пайдалы.
Ғалымдар негізгі артықшылықтарға мыналарды жатқызған:
иммундық жүйені нығайтады; холестеринді төмендетеді; бос радикалдармен күреседі; инсульт қаупін азайтады; қанның ұюын жақсартады; атеросклероз қаупін азайтады.
Ғалымдардың айтуынша, ликопен термиялық өңдеуден өткен қызанақтарда көп кездеседі.
Шикі көкөністерде шамамен 515 микрограмм ликопен бар. Екі ас қасық томат пастасында 13,8 мың микрограмм ликопен бар.
Қызанақ қатерлі ісік қаупін азайтады
Зерттеуге сәйкес, ликопен ұйқы безі қатерлі ісігінің алдын алады. Атап айтқанда, рационында қызанақ көп болатын адамдар қатерлі ісік ауруының ықтималдығын 31% төмендетеді.
Қызанақтың зияны
Кей адамдардың ағзасы қызанаққа төзімсіз, сондықтан оларда аллергия болуы мүмкін. Сондай-ақ қызанақты мына адамдарға жеуге болмайды:
артритпен ауыратын адамдар;
бүйрек және подагра ауруларымен қианалатын адамдар гастрит,
асқазан жарасы, панкреатитпен ауыратын адамдар
Егер сіз қыжылмен қиналатын болсаңыз, қызанақты жемеген жөн.