$ 494.87  520.65  4.91

Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды

Қазіргі таңда тергеу облыстық Полиция департаментінің бақылауында.
Фото: Facebook
Фото: Facebook

Талдықорғанда белгілі журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 11 тамызда Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша ұсталды.

Бұл бапта жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында сөйлеуде, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы таратқаны үшін жауапкершілік қарастырады, - деп хабарлады ведомстводан.

Журналист қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Ол мойындау туралы куәлік беріп, процесуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шықты.

Қазіргі таңда тергеу облыстық Полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - деп атап өтті Жетісу облыстық Полиция департаментінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары