$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстандық әйел Кореяда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған

Ол 11 минуттан соң ұсталған.
Фото: insight.co.kr
Фото: insight.co.kr

Оңтүстік кореялық БАҚ 50 жастағы қазақстандық әйелдің пышақпен автобус жүргізушісіне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Insight.co.kr басылымының дерегіне сүйенсек, оқиға Кенбу қаласындағы автомагистральде болған.

50 жастағы әйел 10 тамызда Сеулдегі Сеочо полиция учаскесіне шабуыл жасады деген күдікпен жеткізілген. 

Полиция мәліметінше, қазақстандық әйел туристік автобустың терезе тазалағышын сындырмақ болған. Автобус Ханнам көпірі арқылы Кенбуден Сеочуге жол тартқан. 

Әйелді тоқтату үшін жүргізуші автобустан шыққанда пышақпен шабуыл жасап, қашып кеткен. 11 минуттан соң әйел ұсталыпты. 

Қазіргі уақытта полиция әйелдің мұндай әрекетке не себепті барғанын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары