$ 439.43  473.31  4.82

Жамбылдық тұрғыннан 50 келіден астам есірткі тәркіленді

Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Фото: ІІМ
Фото: ІІМ

Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 50 келіден астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарасора-2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шу ауданында жабайы қарасора өсетін жерлерде есірткі дайындау кезінде бұрын сотты болған 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ауыл тұрғынынан 50,3 келі кептірілген марихуана және каннабис өсімдігі түріндегі есірткі құралдары тәркіленді, - деп жазылған хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ, ҚР ІІМ ЕҚҚІД, ҰҰ "Бүркіт" АМБ қызметкерлері "Теа" атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді.

Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмычтық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары