$ 442.05  474.14  4.74

Қазақстандық файтер Америка лигасы гран-приінің финалына шықты

Ол кезде де екінші раундта американдық Демарк Джексонды (13-8) жеңген болатын.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Аралас жекпе-жектен қазақстандық Николай Веретенников (11-4) кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Меса қаласында (Аризона, АҚШ) UFL (United Fight League) Гран-приінің жартылай финалында өнер көрсетіп, жергілікті файтер Луис Инигеспен (6-3) кездесті. Жерлесіміздің қарсыласы екінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүкті.

Николай Веретенников UFL-дегі мұның алдындағы жекпе-жегін 13 мамырда өткізген. Ол кезде де екінші раундта американдық Демарк Джексонды (13-8) жеңген болатын. 2021 жылы Қазақстан өкілі UFC-ге Дана Уайт үміткерлер турнирі арқылы кіруге тырысқан, алайда төрешілердің шешімімен эквадорлық Майкл Моралестен (15:0) жол берді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары