14.08.2023, 10:00

«Барлығын жинаймын»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

фото: twitter.com/qazaqstyle
Менімен жұдырықтасқысы келетін бірде-бір атақты боксшы жоқ.

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) болашағына қатысты батыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әрине, мен қазір де, әрдайым ең мықтылармен айқасқым келеді. Егер үздіктерді жеңсең, өзі де үздік болатыныңды түсінемін. Менімен жұдырықтасқысы келетін бірде-бір атақты боксшы жоқ. Бірақ менің өз жоспарым бар. Мен орта салмақта барлық титулды жинаймын, Иншаллах!, - деп жазыпты Жәнібек Twitter желісінде.