$ 484.11  528.79  5.03

Енді бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылатын болды

1,5 млн бала тегін тамақпен қамтылмақ.
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Қазақстанда 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушыларының 100 пайызы тегін тамақпен қамтылады. Бұл туралы 2023 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде мәлім болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйектің 1-нен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде хабарлады.

Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды, ең жоғары баға Алматы қаласында 800 теңгені құрайды.

Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6% құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізілетін болады, - деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары