$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышы бетпе-бет соқтығысқаны анықталды.
Фото: tme/POLICE_of_KZ
Фото: tme/POLICE_of_KZ

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған. Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышы бетпе-бет соқтығысқаны анықталды.

«Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», - деді ІІМ баспасөз қызметінен.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары