$ 441.58  480  4.86

Шығыс Қазақстанда қар жауды

Соңғы 10 жылда осы уақытта қар жауғаны есімізде жоқ.
Фото: instagram.com/altay_pro.kz
Фото: instagram.com/altay_pro.kz

Шығыс Қазақстан облысында алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

14 тамызда таңертең Мұзтау шыңының айналасын қар басып қалды.

Соңғы 10 жылда осы уақытта қар жауғаны есімізде жоқ. Алғашқы қарды Мұзтау етегінде көрдік, - делінген Altay-pro лагерінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, лагерь теңіз деңгейінен 1950 метр биіктікте тау етегінде орналасқан.

15 тамызда синоптиктер Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын. Түнде облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, бұрқасын) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары