$ 473.98  504.03  4.93
Жаңалықтар 14.08.2023 сағат 18:20

Ақмола облысында ер адам тоққа түсіп, мерт болды

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Ақмола облысында ер адам тоққа түсіп, мерт болды
Фото: azh.kz

Ақмола облысында су сорғысын жөндемек болған ер адамды тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ер адамның мерт болғандығы туралы Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған.

Жедел тергеу тобы анықтағандай, 1988 жылғы ер адамға су сорғыны жөндеу кезінде тоқ соққан. Осы дерекке байланысты сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар