16.08.2023, 13:00

Жамбыл облысында есірткі еккен күдікті ұсталды

Фото: pixabay
Бұл бап үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Жамбыл облысының Талас ауданында үйінің бақшасында есірткі өсірген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған дерек облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, ҰҰ «Бүркіт» АМБ қызметкерлері мен «Теа» атты қызметтік иті арқылы «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында анықталған. 54 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің бақшасында 22 келі 200 грамм өсірілген қарасора, сондай-ақ жалпы салмағы 138 грамм 500 мг болатын «кептірілген марихуана» табылып, тәркіленген.

Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 2-бөлігі, яғни өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораның, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сұрыптарын өсіру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. есірткі, – деді Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.