Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде төбелес болды. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Atyrau Press жазды.
Басылым мәліметінше, Сұлтан Бейбарыс мешітінде келушілердің бірі дөрекілік танытқан. Видеода жігіттің діни қызметкерлердің сөзіне құлақ аспай, дауласып жатқанын байқауға болады. Кейін оған таныстары да қосыла кеткен.
Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, бұған жайтқа қатысты Полиция басқармасына қоңырау түскен. Онда белгісіз адамдар қалалық Сұлтан Бейбарыс мешітінде діни бірлестік өкілдерімен айғайласа бастағаны жөнінде айтылған. Бұл өз кезегінде мешітке келушілердің арасында алуан пікірдің туындауына әкеліп соққан. Арты дау-дамайға ұласқан.
Полиция қызметкерлері бұл іске қатысты қажетті құжаттарды жинақтап, діни басқармаға жолдаған. Одан әрі аталған мәселе әкімшілік сотта қаралатын болады.