17.08.2023, 10:20

Зейнеткерлерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіле ме – министрліктің жауабы

Фото: gov,kz
Бұл жалған ақпарат болып шықты.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деп тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Себебі, Үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. Сол себепті бұл ақпарат жалған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының аясында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылғанын хабарлаймыз, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл көмекке «Тұрғын үй көмегін тағайындау» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы құжаттарды тапсыруға болады.