$ 444.14  477.05  4.85

Тұрғын үй кезегінде тұрғандарға баспана жаңа әдіспен беріледі

Несие мерзімі 20 жылға дейін болады.
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін әлеуметтік тұрғын үйлер 15 тамыздан бастап жаңа әдіспен бөлінеді, деп хабарлады "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлік қоғамы.

10% басталатын алғашқы жарна болған жағдайда, несиелер жылдық 2% және 5% мөлшерлемесімен беріледі. Несие мерзімі 20 жылға дейін болады, - деп мәлімдеді Отбасы банкі.

Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтардың келесі санаттары жылдық 2% мөлшерлемесімен кредит алуға өтініш бере алады:

бірінші және екінші топтағы мүгедектер,

мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар,

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,

"Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы отбасылар, көп балалы аналар.

Қазір осы төрт санат бойынша 227 мың қазақстандық баспана кезегінде тұр. Оның ішінде 51 мыңы 1 және 2 топтағы мүгедектер.

Кез келген банктен несие алу үшін табыс пен төлем қабілеттілігін растайтын құжат болуы керек. Мүгедектік бойынша жәрдемақы қосымша табыс ретінде ғана қарастырылады.

Тағы бір жаңашылдық, кредит алу барысында барлық санат үшін кіріске шектеу қойылмайды.

Бұған дейін мемлекеттік бағдарламалар бойынша отбасының әрбір мүшесінің соңғы алты айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1-ден (2%-дық мөлшерлеме бойынша несие алу үшін) және 3,7-ден (5%-дық мөлшерлеме бойынша несие үшін) аспауы керек деген талап бар болатын. Ол тиісінше 125 757 және 150 098 теңгені құрайтын. Мәселен, бұл сома белгіленген нормадан кем дегенде 100 теңгеге асып кетсе, отбасы қолжетімді заемнан қағылып, баспана мәселесін шеше алмайтын.

Тұжырымдамаға сәйкес қатысушылар кредиттің ең жоғарғы сомасы бойынша шектелмейтін болады. Бұрын аймаққа байланысты ол 10 миллионнан 18 миллион теңгеге дейін болатын. Енді кредит сомасы пәтер құнына негізделіп, тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасынан қалыптасады.

Пәтердің максималды ауданы 80 шаршы метрден аспайтын болады.

Енді мемлекеттік бағдарламаға қатысу туралы өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жылжымайтын мүлік объектілері аясында қабылданады.

Үміткерлер арасынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу кезінде бірінші кезекте 1 және 2 топтағы мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық беріледі.

Жылжымайтын мүлік азамат баспана кезегінде тұрған аймақтан сатып алынуы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары