17.08.2023, 17:00

Футболдан бас бапкер Магомед Адиев қызметінен кете ме

Фото: instagram.com/kff_team
Cоңғы кездері БАҚ-та Адиевтің қызметінен кететіні жайлы ақпарат тарап жатыр.

Еліміздің футболдан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметін ауыстыруы мүмкін деген әңгімеге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Құрметті достар, соңғы кездері БАҚ-та менің болашағым жайлы ақпарат тарап жатыр. Менің бар назарым Қазақстан ұлттық құрамасында және біз ЕУРО-2024 іріктеу кезеңіндегі алдағы матчтарға дайындалып жатқанымызды тағы да атап өткім келеді. Сондықтан іріктеу аяқталғанға дейін қызметтерді қоса атқару, не болмаса басқа да мәселелер қарастырылып жатқан жоқ. Мен өз ойымды толықтай жеткіздім деп үміттенемін, - делінген түсініктемеде.

Сондай-ақ, футболдан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қыркүйекте Финляндия мен Солтүстік Ирландияға қарсы маңызды ойындар күтіп тұрғанын айтты.

«Бізге жанкүйерлеріміздің қолдауы қажет. Баршаңызды «Астана Аренада» күтеміз. Алға, Қазақстан!», - дейді ол.

Айта кетсек, кейбір спорттық БАҚ-та баяндалғандай «Ахмат» футбол клубы М. Адиевті бас бапкер қызметіне шақырған.