$ 494.87  520.65  4.91

ҚР Ішкі істер министрі мен Қорғаныс министрі Жамбылдағы қайғылы оқиғаға қатысты есеп берді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қорғаныс министрі С.Жасұзақов пен ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың Жамбыл облысында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты есептерін тыңдады.

Министр С.Жасұзақов оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты қабылданған шаралар туралы есеп берді. Уәкілетті орган сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастады. Әскери бөлімде Тараз гарнизонының қызметкерлері жұмыс істеуде.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғаны тексеруге байланысты Үкімет комиссиясын құруды тапсырды. Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовқа оқиға орнына ұшып бару тапсырылды.

Тексеру барысын ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев өзінің жеке бақылауына алды.

Естеріңізге салайық, бүгін Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында қар көшкіні орын алып, жаттығу жасап жүрген бір топ әскери сарбазды басып қалған болатын. Қазірге дейін 7 жауынгердің қайтыс болғаны белгілі. Он алтысы құтқарылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары