$ 494.87  520.65  4.91

Абай Құнанбайұлының арғы атасы араб па? - тарихшы жауап берді (ВИДЕО)

Тауфықтының еш қатысы жоқ Шәкәрім қателесіп отыр деген.

Белгілі тарихшы, этнограф Жамбыл Артықбаев «Qasqa Jol» Youtube арнасына берген сұхбатында ақын Абай Құнанбаевтың арғы атасы «Араб» деген Шәкәрім Құдайбердіұлының сөзіне қатысты ойын айтты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Абайдың шығу тегі туралы Шәкірім Құдайбердіұлының шежіресінде жақсы жазылған. Ал енді тобықты сөзін «Тауфықты» деп аударғаны да рас. Бірақ Шәкәрімнің өзінің тағы да бір сөзі бар. «Қазақты арабтан шығарғанның барлығы ғылым, біздің түбіміз түрік, моңғол» дейді. «Ал арабтан шығару ақымақтық» дейді. Осы тобықты, тауфықтыға қатысты Мәшһүрдің да ескертпесі бар. Тауфықтының еш қатысы жоқ Шәкәрім қателесіп отыр деген, дейді тарихшы

Сондай-ақ ол әңгіме барысында рушылдық туралы ой қозғады. Оның айтуынша, руын түгендеп жүретіндер - коррупцияға тәуелді жемқорлар! 

Тарихшы «жыр болған» Кенесарының басын елге әкелу туралы мәселе туралы сөз қозғап, ханның бассүйегі орыс ыдырағанда ғана елімізге қайтарылатынына болжам жасады. Сондай-ақ ханға қатысты тарихи деректерді жіпке тізіп береді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары