$ 439.43  473.31  4.82

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: 3 кенші әлі іздестіріліп жатыр

Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

«Қазақстан» шахтасында 3 шахтерді іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шахтада өрт басталған кезде 227 адам болған. Бірден апатты жою жоспары енгізіліп, менің басшылығыммен жедел штаб құрылды. 18 тамыздағы жағдайға сәйкес, емдеу мекемелерінде 11 жұмысшы бар. Олардың 9-ы Қарағанды қаласында, екеуі Шахтинск қаласында ем алуда. Құтқару операциясын жүргізу нәтижесінде қаза тапқан 2 шахтердің мүрдесі табылды. Үш шахтерді іздеу жалғасып жатыр, - деді ол Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте.

Сонымен қатар ол қаза тапқан және зардап шеккен шахтерлердің отбасына және туған-туыстарына көңіл айтты.

«Қажетті барлық көмек компания тарабынан да, мемлекет тарапынан да толық көлемде көрсетіледі. Ешкім қолдаусыз және назардан тыс қалмайды», - деді Вадим Басин.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.

Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөлімінде жеткізілгені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары