$ 494.87  520.65  4.91

Талдықорғанда бес мектеп директоры оқу жылы басталар алдында жұмыстан кетті

Сондай-ақ, облыс орталығындағы оқу орындарының алты есепшісі бірден қамауға алынды.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Талдықорғандағы бірнеше оқу орнының директорлары оқу жылы басталар алдында өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы, жаз басынан бері Талдықорғандағы тоғыз білім ошағы директорсыз қалды. Мектеп басшылары өз еркімен жұмыстан кетті. Оқу жылының басталуына екі апта ғана қалды, ал облыс орталығындағы бес мектепте кеткен директорлардың орнын әлі таба алмай отырәлі жетекші жоқ.

"Қазір біз облыстық білім басқармасына осы мектептерге конкурс өткізу туралы өтініш жібердік.Оқу жылы басталмай тұрып білім беру ұйымдарында директорлардың болуына тырысамыз.Олардың арнайы тағайындалу тәртібі бар, олар тестілеуден өтеді. Мектептің қамқоршылық кеңесі келісіп, әңгімелесу жүргізеді. Бұған дейін төрт мектеп директорын тағайындадық", - деді Zakon.kz тілшісіне қалалық білім бөлімінің басшысы Жасұлан Қанағатов.

Талдықорғандағы директорлардың ауысуын мамандар білім саласындағы соңғы жаңалықтармен байланыстырады. 2023 жылдың сәуір айында Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас есепшісі мен басшысы 2 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Сондай-ақ, облыс орталығындағы оқу орындарының алты есепшісі бірден қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары