$ 476.89  505.27  4.95
Жаңалықтар 18.08.2023 сағат 18:00

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

HD сапа функциясы жақын арада барлық WhatsApp пайдаланушылары үшін қолжетімді болады.
WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
Фото: pixabay

WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болды, деп хабарлайды Massaget.kz.

WhatsApp қолданушылары енді фотосуреттерді жоғары сапада жібере алады. Бұл функция қалыпты режимде қосылып тұрмайды.

Фотосуретті HD сапасында жіберу үшін пайдаланушы алдымен жоғарғы мәзірдегі жаңа "HD" батырмасын таңдау керек. Нәтижесінде, фотосуреттің сапасы минимал дәрежеге төмендейді. Өкінішке қарай, суретті толығымен өз сапасында жіберу әлі мүмкін емес. Чатта фотосурет жанында HD белгісі пайда болады, бұл суреттің жоғары сапада қалатынын көрсетеді.

Фотосуреттерді WhatsApp арқылы жіберген кезде суреттің стандартты рұқсаты 1600×1052 пиксель, ал HD сапасы 4096×2692 пиксельге дейін жетеді. Әр пайдаланушы суреттің сапасының қандай болатынын, медианы жүктеу алдында таңдай алады.

HD сапа функциясы жақын арада барлық WhatsApp пайдаланушылары үшін қолжетімді болады. Кейінірек қосымша қызметкерлері мессенджерге видеоны жоғары сапада жіберу мүмкіндігін қосуды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар