"Қазақстан" шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Арнайы комиссия "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Қазақстан" шахтасындағы апатты тергеуге кірісті. Комиссия мүшелері өрттің себебін және төтенше жағдайдың мән-жайын анықтауы тиіс.
Сонымен қатар шахта базасында жедел штаб құрылып, оның жұмысы Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басинге тапсырылды. ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Кеңгірбай Есенеевтің айтуынша, шахтада соңғы тексеру жақында ғана жүргізіліпті. Бұзушылықтар анықталды, бірақ олар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеген.
Метанның асып кетуі де тіркелмепті. Апатты жою жоспары СО бойынша айғақтарға байланысты енгізілді, деп атап өтті "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.
Зардап шеккен бес адамның екеуі жұмыс қабілеттілігі мен орналасу жүйесін тексерумен айналысатын слесарлар болды. Олар бірінші ауысымда апат болған конвейер беткейіндегі кейбір ақауларды жою жұмыстарын атқаруда еді. Апат орнындағы тағы бір слесарь КТ учаскесінен еді. Екі жұмысшы апат учаскесінің жанында болды, – деді Сергей Огай.