19.08.2023, 03:30

Жәнібек Әлімханұлы өз атын тарихта қалдыруға уәде етті

Фото: vesti.kz
Qazaq style-ды тарихта қалдырамыз!

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) жанкүйерлерін қызықтырып қойды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол Instagram-дағы cторисінде келесі жекпе-жегі туралы жазды.

Тарихтың екінші бетін жазуды бастадық! Чемпион болу бір басқа, тарихи жекпе-жектерді өткізіп, із қалдыру бір басқа! Жақында ресмиленеді бұйыртса!һ, - деп жазды ол.

Әлімханұлы кейінірек жазба да жариялаған.

Құдай қаласа 4 белбеуді жинаймыз, ағайын! Qazaq style-ды тарихта қалдырамыз!, - деп жазды ол бұл жазбада.