19.08.2023, 09:30

Қазақстандық спортшы Бакуде өткен турнирде жеңіліп көрмеген әзербайжандықты жеңді

Фото: ҚазАқпарат
Жақсығұлұлы тұншықтыру әдісін сәтті орындап, жеңіске жетті.

Бакуде (Әзербайжан) аралас жекпе-жектен «Octagon 48» турнирінде жеңіліп көрмеген әзербайжандық Элтаж Хасанов (7-0) пен қазақстандық Жансерік Жақсығұлұлы (4-3) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеңіл салмақ дәрежесінде өткен әрі үш раундқа есептелген жекпе-жек мерзімінен бұрын, бірінші раундта аяқталды: Жақсығұлұлы тұншықтыру әдісін сәтті орындап, жеңіске жетті.

Осылайша, Жансерік Жақсығұлұлы кәсіпқой мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Элтай Хасанов бірінші рет жеңілісіке ұшырады.