«Қазақстан» шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қаза тапқан кеншілердің аты-жөні:
1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4-разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;
3. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
5. Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, 3-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.
«17 тамызда Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында өрт болып, салдарынан 5 әріптесіміздің қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз», - делінген «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның сайтында.