$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысында екі бала шөптен уланып қалды

Балалардың жалпы жағдайы ауыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында екі бала улы шөптен уланып қалды. 
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 18 тамызға қараған түні аудандық ауруханаға Қобда ауданының Өтек ауылынан 5 және 3 жастағы балалар ауыр халде жеткізілгенін айтты. Бұл туралы "Мой город" порталы хабарлады.

"Балалар садақа кезінде ауылдың ішінде ойнаған, олар үйге сағат 18.00-дер шамасында келген. Жағдайы нашарлаған соң туыстары көмек сұрап, балаларды сағат 04.00-де аудандық ауруханаға жеткізді. Содан кейін олар Ақтөбедегі ана мен баланы қорғау орталығына ауыстырылды. Балалардың жалпы жағдайы ауыр, сандырақтап жатыр, дене қызуы – 38 градус. Туыстарының айтуынша, балалар ұйықтай берген, көңіл күйі жоқ",– дейді Рүстем Исаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары