20.08.2023, 14:30

Астанада үш жасар баланы көлік қағып кетті

Фото: Pixabay
Оқиға Тәуелсіздік даңғылындағы үйлердің бірінің ауласында болған.

Астанада көлік апаты болып, үш жасар бала көлік астына түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дегенмен, баланың аман қалғаны қуантады.

Оқиға 19 тамыз күні сағат 12.40-та Тәуелсіздік даңғылындағы үйлердің бірінің ауласында болған. Жеткіншек ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылды.