$ 439.4  473.54  4.76

Алматы тауларында туристер адасып кетті

Іле Алатауы тауларындағы Каменский шыңынан түсу кезінде үш адам адасып кеткен.
Фото: t.me/qr_tjm
Фото: t.me/qr_tjm

Алматы тауларында туристер адасып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 20 тамызда Іле Алатауы тауларындағы Каменский шыңынан түсу кезінде үш адам адасып, құтқарушыларға қоңырау шалған.

Түні бойы іздеу жүргізіліп, сағат 6:40-та РЖҚЖ мен қаланың құтқарушылары бірінші адасқан туристі тапты.

Екі жарым сағаттан соң Қарғалы шатқалы аумағында тағы екі турист табылды.

ТЖМ құтқарушылары таулы жорыққа шықпас бұрын, жақындарыңызға жоспарларыңыз туралы хабарлап, бағытты, сондай-ақ қайту уақытын қысқаша ескерткен жөн екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары