$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда жұмыс істемейтін ата-аналарға 21 млрд теңге жәрдемақы төленді

7 айда 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңгеге жәрдемақы алды.
фото: kapital.kz
фото: kapital.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 439,6 мың ата-ана 144,8 млрд теңге сомаға табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары