Қаржы министрлігі "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет" туралы заң жобасын әзірледі. Құжатта 2024 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қанша болатыны көрсетілген. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Заң жобасына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;
Заң жобасына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап: АЕК жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады. 2023 жылы АЕК мөлшері 3450 теңге болған еді.