$ 494.87  520.65  4.91

Бүгіннен бастап Алматыда автобус жолақысы өсті

Шенеуніктердің айтуынша, тасымалдаушылар шығындарының артқанына қарамастан, Алматыда жолақы 11 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру құны 20 теңгеге өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

21 тамыздан бастап «Оңай» картасымен немесе QR-код арқылы төлем жасағанда жол жүру ақысы 100 теңгені құрайтын болады. Қолма-қол төлемде жол жүру құны – 150-ден 200 теңгеге дейін көтеріледі.

Еске салайық, Алматы мәслихатының VII сессиясында қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүрудің жаңа тарифтері бекітілген болатын.

Шенеуніктердің айтуынша, тасымалдаушылар шығындарының артқанына қарамастан, Алматыда жолақы 11 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген. Әкімдік тарифтің өсуі жолдардың жай-күйін жақсартуға, автопаркті жаңартуға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары