22.08.2023, 01:30

Атырауда 19 жастағы жүргізуші баланы басып кетті

Фото: Pixabay
Ал зардап шеккен жасөспірім жедел жәрдем бригадасының көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Атырауда 13 жасар жасөспірімді көлік қағып кетті. Ол қазіргі таңда ауруханада жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 21 тамыз күні түнде болған.

Жол-көлік оқиғасы Атырау қаласындағы Бейбарыс даңғылы мен Тоқатов көшесінің қиылысында орналасқан реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында болды. Арнайы жолақпен өтіп бара жатқан 2010 жылы туған жасөспірімді Chevrolet Nexia автокөлігі қағып кетті, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына кінәлі 19 жастағы жүргізушіге қатысты тиісті іс құжаттарын жинақтауда. Ал зардап шеккен жасөспірім жедел жәрдем бригадасының көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.