22.08.2023, 14:40

Түркістан облысында суға кеткен тағы бір адамның денесі табылды

Фото: t.me/qr_tjm
Сонымен әзірге суға батып кеткен 11 адамның 9-ының денесі табылды.

Түркістан облысында суға кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Құтқарушылар 12:25 минутта 25 жастағы адамның денесін Сырдариядан алып шықты. Сонымен әзірге суға батып кеткен 11 адамның тоғызының денесі табылды. Қазіргі кезде 2 кәмелетке толмаған жасөспірімдң іздеу жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында орын алды. Суға кеткендердің барлығы 4 ағайынды адамдардың отбасы мүшелері, олар тыйым салынған жерге шомылуға барған деген хабар тарады.