$ 439.43  473.31  4.82

Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді

Осындай салмақпен сәбилердің дүниеге келуі - ерекше құбылыс
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Маңғыстау облыстық перинаталды орталығында салмағы 6 келі 880 грамм болатын бала дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Lada.kz мәліметінше, баланың анасы Мұнайлы ауданында тұрады, бұл - оның төртінші баласы.

Дәрігерлердің айтуынша, ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Анасына кесар тілігі арқылы ота жасалған.

Тексеру барысында босанатын әйелдің баласы өте ірі екенін түсіндік. Содан ақылдаса келе, оны кесар тілігі арқылы босандыруымыз керек деп шештік. Ота сәтті аяқталды. Мұндай жағдай сирек кездеседі, өйткені осындай салмақпен сәбилердің дүниеге келуі - ерекше құбылыс, дейді Облыстық перинаталды орталықтың баспасөз қызметі.

Бала мен ана бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне шығарылды. Шыққан кезде нәрестенің салмағы 6 келі 280 грамм болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары