ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 03:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 2213 шақырым жерде, Каспий теңізінің акваторийінде орналасты.
Тербелістің энергетикалық санаты – 12.3. MPV магнитудасы –5.9. Тереңдігі – 5 км. Эпицентр координаттары - 40.37° с.е. 50.86° ш.б. MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.